411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Марсель» футбол клубының бұрынғы президенті коронавирустан қайтыс болды

  • 647
«Марсель» футбол клубының бұрынғы президенті коронавирустан қайтыс болды Спорт-Экспресс

«Олимпик Марсель» футбол клубының бұрынғы президенті Пап Диуф коронавирус індетінен қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сенегал азаматы өз елінде 68 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Диуфтың ағзасынан қауіпті індеттің белгілері табылған соң Дакардағы ауруханаға жатқызылған еді. Алайда дәрігерлер футбол маманының өмірін сақтап қала алмады. Пап Диуф Марсель қаласының атақты клубын 2005-2009 жылдар аралығында басқарды. Ол спорт тақырыбында қалам тербеп, тілшілік қызметті де атқарды. Кейін футбол агенті ретінде талай спортшымен жұмыс істеді. Базиль Боли, Жозеф Антуан Белл секілді футболшылар оның клиенттері болды. «Пап Диуф Марсель жанкүйерлерінің жүрегінде мәңгі сақталады. Ол клубтың даму тарихында өзіндік із қалдырды. Біз оның жақындары мен туыс-туғандарына қайғырып көңіл айтамыз» делінген «Олимпик» футбол клубының әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

Хабар 24 телеарнасы