411,72 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық төрт спортшы әлемдік рейтингте үздіктер қатарына енді

  • 161
  • UPD: 11:40, 02.04.2020
Қазақстандық төрт спортшы әлемдік рейтингте үздіктер қатарына енді

UWW еркін күрестен наурыз айында үздік төрттіке енген балуандар тізімін жария етті.

Аталған рейтингте қазақстандық спортшылар да бар деп хабарлады Olympic.kz. 

65 келіде әлем чемпионатының финалисі Дәулет Ниязбеков рейтингте үшінші орында келеді. Ол Ресей және Үндістан балуандарын алға жіберген. 

70 келідегі әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрғожа Қайпанов та алғашқы үштікте. Жас балуан Ресей мен Польша спортшыларының ізімен келеді.

74 келіде Азияның екі дүркін жеңімпазы Данияр Қайсанов үшінші орында тұр. Қайсанов әйгілі Франк Чамизо (Италия) мен ресейлік Заурбек Судаковтан аз ғана ұпайға қалып қойған. 

79 келідегі Ғалымжан Өсербаев рейтингтің үшінші сатысында. Бұл салмақта АҚШ пен Әзірбайжан балуандары көш бастап тұр.

Хабар 24 телеарнасы