430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жансая Әбдімәлік FIDE рейтингінде ең жоғары сатыға көтерілді

  • 448
  • UPD: 12:29, 02.04.2020
Жансая Әбдімәлік FIDE рейтингінде ең жоғары сатыға көтерілді prosports.kz

Лозаннадағы әйелдер арасындағы шахмат Гран-приінің үшінші кезеңіндегі сәтті өнер көрсетуі қазақстандық Жансая Әбдімәлікке FIDE әйелдер рейтингінде жоғары сатыға көтерілуге ​​мүмкіндік берді, деп хабарлайды Prospots.kz Fide.com сайтына сілтеме жасап.

Жаңартылған кестеде Әбдімәлік 16-орынға ие. Наурыз айымен салыстырғанда ол 17 ұпай қосып, 2478 ұпай алды. Сонымен қатар Жансая 20 жасқа дейінгі қыздар арасында көшбасшылықты сақтап келеді.

Әйелдер рейтингінде қазақстандық шахматшылар арасында ең үздік шахматшы – Динара Сәдуақасова. Ол 2500 ұпаймен 12-орынға жайғасқан.

Ерлердің үздік 100 рейтингісіндегі Қазақстанның жалғыз өкілі - гроссмейстер Ринат Жұмабаев, ол 2654 ұпаймен 90-орынға тұрақтады.

Хабар 24 телеарнасы