428,05 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хабиб Фергюсонмен жекпе-жектен не үшін бас тартқанын түсіндірді

  • 472
  • UPD: 16:32, 02.04.2020
Хабиб Фергюсонмен жекпе-жектен не үшін бас тартқанын түсіндірді Prosports.kz

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жек коронавирустың таралуына байланысты өтпейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек 18 сәуірде АҚШ-тағы UFC 249 шоуында өтуі керек еді.

«Мен үйде карантинде жатып, жекпе-жектің айналасындағы жағдайға адамдардың реакциясы қандай болып жатқанын оқып отырмын. Сонда бүкіл әлем карантинде отыр, барлық елдің үкіметі мен әлемдегі танымал жандар адамдарды құтқару үшін, аурудың таралуын шектеу үшін қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады, ал Хабиб міндеттен босатылып, ерік-жігерін елге көрсете отырып, жекпе-жек үшін әлемді аралап, басын қатерге тігуі керек пе? Мен бәрін түсінемін, кездесудің болмайтынына сіздерден артық өкініп отырмын. Басқалардың да менің жекпе-жегімнен кейін өз жоспарлары болған шығар. Бірақ мұның бәрін реттеп отыру менің қолымнан келмейді. Дәл қазір үлкен державалар мен ірі компаниялар болып жатқан оқиғалардан шошып отыр, жағдай күн сайын болжаусыз өзгеріп отырады, бірақ Хабиб жекпе-жек өткізуі тиіс, солай ма? Өздеріңізге қамқор болыңыздар және өздеріңізді менің орныма қойып көріңіздер», - деп жазды Хабиб Instagram желісінде.

Хабар 24 телеарнасы