405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жақанша Хорлан әлемдік рейтингте екінші орынға жайғасты

  • 626
  • UPD: 10:53, 03.04.2020
Жақанша Хорлан әлемдік рейтингте екінші орынға жайғасты

Біріккен күрес әлемі наурыз айында рейтингте көш бастаған спортшылар тізімін жариялады.

Грек-рим кресінен үздік төрттікке енгендер қатарында қазақстандық балуан да бар, деп хабарлады Olympic.kz.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының күміс жүлдегері, балуан Жақанша Хорлан әлем рейтингінде екінші орынға жайғасқан. Әлем чемпионы Грузия балуаны Нугзари Цурцумия рейтингте көш бастап тұр.

Ал АҚШ спортшысы Макс Новри үшінші орыннан көрінсе, әзірбайжандық Елдениз Азизли үздік төрттікті қорытындылаған. 

Хабар 24 телеарнасы