427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хосеп Гвардиоланың анасы коронавирустан қайтыс болды

  • 249
  • UPD: 12:39, 07.04.2020
Хосеп Гвардиоланың анасы коронавирустан қайтыс болды

«Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиоланың анасы Долорс Сала Барселона маңындағы қалашықта коронавирус инфекциясынан көз жұмды, деп хабарланған ағылшын клубының ресми твиттер парақшасында.

«Манчестер Сити» отбасы Пептің анасы Долорс Сала Каррионың Манреста (Барселона) коронавирус жұқтырған соң қайтыс болғанын қайғыра хабарлайды. Ол 82 жаста болатын. Клубпен байланысы бар әр адам осындай қайғылы сәтте Пепке, оның отбасы мен достарына көңіл айтады», – делінген жазбада. 

«Манчестер Сити» – Англия чемпионатының былтырғы чемпионы. Ал Гвардиола 2009 және 2011 жылдары әлемдегі ең мықты клубтық бапкер атанған, деп жазады vesti.kz.

Хабар 24 телеарнасы