411,57 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты қыркүйекте өтетін болды

  • 140
  • UPD: 10:10, 08.04.2020
Үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты қыркүйекте өтетін болды

Үстел теннисінен командалық әлем чемпионатының қай кезде өтетіні анықталды, деп хабарлады Olympic.kz. 

55-ші командалық әлем біріншілігі Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтеді. Әлемдік дода 27 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін созылады. Аталған шешімді Халықаралық үстел теннисі федерациясының атқарушы комитеті қабылдады. 

Айта кетсек, командалық әлем біріншілігі 22-29 наурызда өтуі тиіс еді. Алайда COVID-19 індетіне байланысты алдымен маусымға, кейін қыркүйек айына қалдырылды. 

Хабар 24 телеарнасы