419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ертіс» футбол клубы 973 млн теңге көлеміндегі салықты жасырып келген

  • 487
  • UPD: 08:50, 09.04.2020
«Ертіс» футбол клубы 973 млн теңге көлеміндегі салықты жасырып келген

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы 973 миллион теңге көлеміндегі салықты жасырып келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл тәуелсіз аудиторлық тексеріс барысында анықталды. Аудиторлар 2017-2019 жылдардағы салықтық аударымдар, несиелік қарыздар мен бюджет қаражатын жұмсау барысындағы былықтардың бетін ашты. Тексеріс нәтижелері футбол клубының ресми сайтында да жарияланды. Бұл ақпаратқа сүйенсек, спорт клубы жер салығын төлемеген. Сонымен қатар футболшылар мен жаттығушылар құрамы еңбегінің негізсіз көтерілгені белгілі болды. Нақтырақ айтқанда, 379 млн теңге асыра төленген. Ақпаратта тағы бір дерек келтіріліп отыр. Клубтың әкімшілік-басқарушы жұмыскерлерінің қызметтік еңбекақысы да негізсіз көтерілген. Былтырғы жылы кей қызметкерлерге 36 млн теңге көлемінде сыйақы аударылған. Жалпы сомасы – 44 млн теңге. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта құжаттар прокуратураға жолданған.

Айта кетейік, осы жылдың ақпан айында клубқа жаңа директор тағайындалған болатын.

Марат Айдашев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

- Аудиторлық тексеріс жаңа басшының бастамасымен жүргізілді. Нәтижесінде олқылықтар анықталды. Тексерістен соң тиісті акті жасалып, құқық қорғау органдарына жіберілді. Кейін бұл мәселеге құқықтық баға беріледі.

Хабар 24 телеарнасы