423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

DAZN Геннадий Головкиннің басты бес жетістігін атады

  • 536
  • UPD: 09:36, 09.04.2020
DAZN Геннадий Головкиннің басты бес жетістігін атады

DAZN сервисі орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (40-1-1, 35 КО) туған күнімен құттықтап, оның мансабындағы ең үздік жетістіктерін еске алды, деп хабарлады vesti.kz.

DAZN Головкиннің басты жетістіктеріне мыналарды жатқызады:

– Олимпиаданың күміс медалі;

– 2008-2017 жылдар аралығында 23 нокаут топтамасы;

– орта салмақтағы бұрынғы чемпиондық атағы;

– титулды 20 рет табысты қорғап шығуы;

– орта салмақ тарихында нокауттардың ең жоғары пайызы (89,5%).

Айта кетсек, қыркүйек айында Геннадий мексикалық Сауль Альвареспен (53-1-2, 36 КО) үшінші рет жұдырықтасады деп күтіліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы