414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Су добынан әлемдік лига ойындары күзге қалдырылды

  • 113
  • UPD: 12:54, 09.04.2020
Су добынан әлемдік лига ойындары күзге қалдырылды olympic.kz

Халықаралық су спорты түрлері федерациясы (FINA) су спортынан өтетін әлем чемпионаттары мен басқа да жарыстардың өту мерзіміне өзгеріс енгізіп жатыр, деп жазады Olympic.kz. 

Бұған дейін FINA әртістік жүзуден әлем кубогінің сегіз кезеңін өткізбеу туралы шешім қабылдаған болатын. Жақында су добынан өтетін Әлемдік лига ойындарының ауыстырылғаны мәлім болды. 

Турнирдің әйелдер арасындағы суперфиналы 9-14 маусымға, ерлер арасындағы суперфинал 23-28 маусымға жоспарланған болатын. Коронавирус індетіне байланысты ұйым турнирдің финалдық кезеңін 2020 жылдың қыркүйек және қазан айларына қалдырды. Әзірге нақты өту мерзімі анықталған жоқ. 

Хабар 24 телеарнасы