425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футбол ойынының ережелеріне өзгерістер енгізілді

  • 702
  • UPD: 16:29, 09.04.2020
Футбол ойынының ережелеріне өзгерістер енгізілді

Халықаралық футбол қауымдастықтарының кеңесі (IFAB) ойынның кейбір ережелерін өзгерту туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Prosports.kz.

Біріншіден, қолмен ойнау ережесі өзгертілді, енді иықпен ойнау тәртіп бұзуға жатпайды.

Сонымен қатар шабуылшының кездейсоқ қолмен ойнауы «дереу» гол немесе голға әкелетін болса, тәртіп бұзушылық болып саналады.

Екіншіден, IFAB VAR бейнені қайта ойнату жүйесінің жұмысын өзгертті. Енді бейне көмекшілер төрешіге кеңес бере алады, бірақ түпкілікті шешім реферидің өзіне тиесілі болады.

Үшінші өзгерістер офсайдқа қатысты болды. Жаңа ережеге сәйкес егер қорғаушы жақтың ойыншысы қолымен ойнап, нәтижесінде қарсылас ойыншысы допқа ие болса, онда ол офсайд ретінде саналмайды.

Хабар 24 телеарнасы