426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барысты» кім баптауы мүмкін?

  • 405
  • UPD: 17:47, 20.04.2020
«Барысты» кім баптауы мүмкін? Prosports.kz

Ресейлік «РИА Спорт» басылымы Андрей Скабелка кеткеннен кейін «Барыс» тізгінінде кімді күту керек екендігі туралы инсайдерлік ақпаратпен бөлісті, деп жазады Prosports.kz.

«Тағы бір шетелдік клуб «Барыс» бас бапкер мәселесін әлі шеше алған жоқ. Клуб Андрей Скабелканың кеткені жайлы ресми мәлімдеме жасады. Қазіргі таңда ол Ресейде. Қазақстандық клуб тізгінді сеніп тапсыратын тәжірибелі маман іздестіріп жатыр. Біздің мағлұмат бойынша клуб тізімінде 7 бапкер бар. Олардың екеуі - қазақстандық, төртеуі - ресейлік және бір шетелдік жаттықтырушы. Ресейлік БАҚ бұған дейін «Барыста» жұмыс істеген Андрей Назаровты да тізімге қосқан еді. Бірақ нұр-сұлтандық клуб оны шақырмайтын секілді», - деп жазды БАҚ.

Естеріңізге сала кетейік, Скабелка қазақстандық клубты Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне шығарғаннан кейін кетіп қалды.

Хабар 24 телеарнасы