419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда алғаш рет каратеден онлайн турнир өтті

  • 207
  • UPD: 20:31, 16.06.2020

Елімізде алғаш рет каратеден онлайн үлгідегі республикалық турнир өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалыптасқан жағдайға байланысты қазақстандық федерация тығырықтан шығудың жолын тауып, осындай бәсеке ұйымдастырды. Ол үшін алдын ала жарыс талабы жасалып, қатысамын деушілердің тізімі құрылды. Кейін соған сәйкес, әр спортшы өз өнерін видеоға түсіріп, ортақ чатқа жолдады. Ал ол жерде төрешілер өз бағаларын беріп жатты. Сәйкесінше, ең жоғары ұпай жинағандары республикалық турнир жеңімпазы деп танылды.

Айта кету керек, бәсеке каратенің ката түрі бойынша, яғни жекпе-жек элементтерін шебер игеру бойынша өтті. Онлайн үлгідегі жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жүзге жуық спортшы қатысып, 7 жас деңгейі бойынша өзара мықтыны анықтады.

Хабар 24 телеарнасы