427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің спортына еңбек сіңірген қайраткер Б.Махмұтов өмірден озды

  • 409
  • UPD: 13:33, 14.04.2020
Еліміздің спортына еңбек сіңірген қайраткер Б.Махмұтов өмірден озды

Қазақстанның бокс пен дзюдосы саласына өлшеусіз еңбек сіңірген Бекет Махмұтов 81 жасқа қараған шағында өмірден озды. Қазақстан спортына алтын әріппен есімі жазылған белсенді ұййымдастырушыны осы салада жүргендер ешқашан ұмытпайды.

Бекет Махмұтов  1996 жылдан 2006 жыл аралығында Халықаралық бокс ассоциациясының (АИБА) алғашқы вице-президенті болды. Сондай-ақ  аталған ұйымның қаржылық комиссиясының төрағасы, АИБА-ның Азия континенттік бюросының президенті қызметін атқарды. Сол кезде бірқатар қазақстандық азамат  АИБА-ның түрлі комиссияларына төрешілік етті, техникалық, бизнес комиссияда, жастар және басқа салада жұмыстар атқарды.

Бекет Сапарбекұлы басқарушылық кезеңінде Қазақстан бокс құрамасы үш рет – Атланта-1996, Сидней-2000 және Афина-2004 олимпиадасында үздік үштікке ілінді.

Ол 2009-2012 жылдары Қазақстан дзюдо федерациясының президенті болды. Сондай-ақ Азия дзюдо одағының вице-президенті қызметін атқарды. Қай жерде қызмет атқарса да, ол қазақ спортының төрткүл дүниеге танылуына орасан зор еңбек сіңірді.

Қазақстанда ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионы Максим Раков, ал 2010 жылы қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов жастар арасында бірінші рет әлем чемпионы атанды. Аталған жастардың жетістігі нәтижесінде  әлем біріншілігінде біздің командамыз жалпы  командалық есепте екінші орынды иеленді.

Бекет Сапарбекұлы 1999 жылы «Құрмет» орденімен марапатталып, 2000 жылы «Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері» атағын алды.

2004 жылы «Парасат» орденін омырауына тақты. Сондай-ақ ол Халықаралық бокс ассоциациясының құрмет және Халықаралық дзюдо федерациясының әлем спортының осы түріне қосқан қомақты үлесі ордендерімен наградталды.

Хабар 24 телеарнасы