425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президент: Бекет Махмұтовтың есімі білікті бапкер ретінде ел тарихында қалады

  • 567
  • UPD: 15:40, 14.04.2020
Президент: Бекет Махмұтовтың есімі білікті бапкер ретінде ел тарихында қалады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі спорт қайраткері, даңқты бапкер Бекет Махмұтовтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасына және жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Бекет Сапабекұлы ұзақ жылдар бойы елімізде спорт саласын өткендету жолында еселі еңбек етіп, құрметке бөленген еді. Әсіресе қазақ спортын жоғары деңгейге көтерген білікті бапкер ретінде есімі ел тарихында қалатыны анық.

Салмақты да сабырлы мінезімен өз ортасына сыйлы болды. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», – делінген жеделхатта.

Соңында Мемлекет басшысы оның есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталатынына сенім білдірді.

Хабар 24 телеарнасы