418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп UFC президентін өзіне кеңесші етіп алды

  • 216
  • UPD: 11:30, 16.04.2020
Трамп UFC президентін өзіне кеңесші етіп алды

Пандемия Ақ үйде отырған қазіргі қожайынға өзгеше әсер етіп жатса керек.

Себебі Дональд Трамп UFC президенті Дана Уайтты өзінің экономикалық мәселелер жөнінен кеңесшілер тобына енгізді. Бұл тізімде про-рестлингтен WWE промоушен басшысы Винс Макмэн де бар. 

Дана Уайт ESPN басылымына бұл жаңалықты растады.

Трамп пен Уайт бұрыннан дос екені белгілі. Қазір Уайт Трамптың сайлауалды кампаниясына қолдау көрсетіп отыр, ал өз кезегінде Трамптың да Уайтқа көмектесу жағынан шет қалмасы анық.

Уайт пен Макмэн екеуінен бөлек экономикалық кеңесші тобына өзге спорттық лигалардың да басшылары енді: НБА (Адам Сильвер), МЛБ (Роб Манфред), НФЛ (Роджер Гуделл), НХЛ (Гэрри Беттмэн).

Айта кетейік, қазір Дана Уайт UFC жекпе-жектерін коронавирус пандемиясы біте салысымен көрерменге бірінші болып оралатын спорт қылу үшін барын салуда. Келесі турнирді 9 мамырға жоспарлап та қойған.

Harcord.com

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы