426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкиннің командасы қыркүйекте «Канеломен» жекпе-жек өткізуден бас тартты

  • 236
  • UPD: 09:20, 20.04.2020
Головкиннің командасы қыркүйекте «Канеломен» жекпе-жек өткізуден бас тартты

Орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Джонатан Бэнкстің айтуынша, қазақстандық боксшы 12 қыркүйекте WBA орта салмақтағы чемпионы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізбейді, деп жазды Prosports.kz.

«Канелоның командасы қыркүйек айында жекпе-жек өткізуге шақырды, бірақ мен бас тарттым. Біздің жоспарымыз – Камил Шереметаға қарсы шайқас, содан кейін тағы бір жекпе-жек бар. Содан кейін ғана біз «Канеломен» шайқасқа дайын боламыз. Бұрын біз Альварестің командасына жекпе-жек өткізуге дайын екенімізді жеткізген едік, бірақ олар бас тартты.

Енді «Канело» Головкинмен жекпе-жекке дайын екенін айтады. Бірақ Геннадийдің басқа жоспарлары бар. Егер оларға бұл жекпе-жек қатты қажет болса, кейінірек өтеді. Біз мұны бірге жасауымыз керек», - деді Бэнкс.

Еске салайық, GGG орта салмақтағы IBF титулын қорғау үшін міндетті жекпе-жек өткізуі керек. Жоспар бойынша маусым айында Головкин Камил Шереметамен жұдырықтасуы тиіс еді.

Хабар 24 телеарнасы