423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусьтік «Неманның» 23 хоккейшісі коронавирус жұқтырып алды

  • 241
  • UPD: 09:21, 22.04.2020
Беларусьтік «Неманның» 23 хоккейшісі коронавирус жұқтырып алды

Беларусьтік «Неман» клубының 23 ойыншысы коронавирус жұқтырып алды, деп хабарлады Prosports.kz NEXTA Live Telegram каналына сілтеме жасап.

13 сәуірде Хельсинки әуежайында сынақтан финляндиялық Валттери Хиетанен, Джунас Хурри, Сами Екунунен және Тимо Хилтуненнің COVID-19 сынақтары оң нәтиже көрсеткені туралы хабарланған.

Артынша команда шабуылшысы Никита Бастрыкин мен қақпашы Виктор Моисеенконың ауырғаны белгілі болды. Сонымен қатар команданың 17 жасөспірім ойыншысы да коронавирус жұқтырған. Алдын-ала ақпарат бойынша клуб демалыс орталықтарының бірінде жас хоккейшілерді оқшауламақ.

Хабар 24 телеарнасы