429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


UFC тарихындағы ең көп табыс тапқандар тізімі жарияланды

  • 387
  • UPD: 14:28, 23.04.2020
UFC тарихындағы ең көп табыс тапқандар тізімі жарияланды

Екі дивизионнің экс-чемпионы, ирландиялық Конор МакГрегор UFC тарихындағы ең көп ақша төленетін файтерлердің тізімінде топ бастады, деп хабарлады Prosports.kz

МакГрегор америкалық промоушн аясындағы жекпе-жектерінен 12 млн доллар табыс тапты. Екінші орында 7 млн доллары бар Алистар Оверим тұр. Миллионерлер үштігін ресейлік Хабиб Нурмагомедов қорытындылады. Оның да табысы 7 млн долларды құрайды.

Айта кетейік, UFC ұйымының үздіктері рейтингінде бірінші орынға көтерілген америкалық Джон Джонс 7-ші орынға тұрақтаған.

Forbes деректері бойынша, Конор МакГрегор 2019 жылы 45 млн доллар тапқан.

Хабар 24 телеарнасы