422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

УЕФА әйелдер арасындағы EURO-2021 додасының уақытын ауыстырды

  • 266
  • UPD: 15:15, 24.04.2020
УЕФА әйелдер арасындағы EURO-2021 додасының уақытын ауыстырды

УЕФА атқарушы комитеті бүгін әйелдер арасында өтетін EURO-2021 турнирін ресми түрде бір жылға шегерді.

Ерлер арасындағы EURO-2020 додасы коронавирус пандемиясына байланысты 17 наурыз күні 2021 жылға ауыстырылды. Салдарынан ұйымдастырушылар әйелдер арасындағы бәсеке де бір жылға шегеруді жөн санаған. УЕФА айтуынша спортшылардың қауіпсіздігін бірінші орынға қоя отырып, әйелдер футболына айтарлықтай көңіл бөлу мақсатында осындай шешім қабылданған.

«Ерлер арасында өтетін EURO-2020 додасының уақытын ауыстырғанда EURO-2021 әйелдер арасындағы турнирге әсер етеді деп ойладық. Аталған шешімді қабылдамас бұрын әйелдер футболын тиісті дәрежеде дамытудағы барлық шараны қарастырдық. Әйелдер арасындағы EURO турнирін ауыстырудағы мақсат - бар назарды әйелдер футболына бөлу. Себебі 2022 жылы жазда өтетін додалардың ең үлкені осы EURO жарысы болмақ», - дейді УЕФА президенті Александер Чеферин.

Хабар 24 телеарнасы