423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

FIBA Open додасы қыркүйекке ауыстырылды

  • 269
  • UPD: 10:59, 27.04.2020
FIBA Open додасы қыркүйекке ауыстырылды

Баскетболдан FIBA Open жарысының алтыншы кезеңі 2020 жылдың 20-21 маусымнан 5-6 қыркүйекке ауыстырылды, деп хабарлады Olympic.kz халықаралық федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Әлемде болып жатқан коронавирус пандемиясына байланысты халықаралық баскетбол фонды 3x3 баскетболдан жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін доданы кейінге шегеруге мәжбүр. Спортшылар мен қатысушылардың денсаулығын ойлап осындай шешім қабылданған. Осы уақытқа дейін жарысқа тіркелген командалар автоматты түрде жаңа дата бойынша өтетін додаға тіркелген болып саналады. Алайда, команда қатысудан бас тартатын болса, компенсация төлеп, open.3x3@fiba.basketball электронды поштасына хат жазу арқылы додадан тыс қалуға болады. Қазіргі жағдайды ескере отырып, біз ең жақсы шешім қабылдадық деп ойлаймын», - дейді ұйым президенті Орасио Мураторе.

Хабар 24 телеарнасы