419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚХЛ кезеңді жабудың салтанатты рәсімін өткізбейтін болды

  • 305
  • UPD: 15:03, 28.04.2020
ҚХЛ кезеңді жабудың салтанатты рәсімін өткізбейтін болды

Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) 2019/20 кезеңін жабуға арналған салтанатты рәсімді өткізбейді. Бұл коронавирус пандемиясына байланысты қабылданған шешім.

ҚХЛ баспасөз қызметі осылай хабарлады.

Жеке және командалық жеңімпаздар директорлар кеңесінің бекітуімен аталатын болады. 

Еске салсақ, биыл коронавирус кесірінен 2019/20 кезеңі мерзімнен бұрын жеңімпазсыз аяқталды.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы