426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ПСЖ футболшылары жалақыларының қысқаруына қарсы

  • 199
  • UPD: 12:12, 29.04.2020
ПСЖ футболшылары жалақыларының қысқаруына қарсы NTVSpor.net

Францияның «Пари Сен-Жермен» футбол клубы ойыншылармен еңбекақыны қысқарту бойынша келісімге келе алмай отыр, деп хабарлайды vesti.kz L'Equipe порталына сілтеме жасап.

Клуб футболшылармен осы мәселеде бір ымыраға келе алмауда, ал ойыншылардың мүддесін Тьяго Сильва мен Маркиньос қорғап жүр. Осылайша қазіргі таңда келіссөздер тығырыққа тірелген.

ПСЖ есебі бойынша, клуб дағдарыс салдарынан 240 миллион еуро жоғалтады екен.

Франция чемпионаты да коронавирус пандемиясына байланысты уақытынан бұрын аяқталғаны хабарланған. 

Хабар 24 телеарнасы