427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бүкіләлемдік садақ ату федерациясы спортшыларға арнап саммит өткізеді

  • 598
  • UPD: 17:02, 30.04.2020
Бүкіләлемдік садақ ату федерациясы спортшыларға арнап саммит өткізеді

Бүкіләлемдік садақ ату федерациясы (World Archery) спортшылар мен бапкерлерге, төрешілерге арналған жазғы саммиттер ұйымдастырады, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Olympic.kz. 

Қашықтықтан өткізілетін семинарларда эксперттер презентация өткізеді. Ал қатысушылар үйде отырып-ақ, білімін жетілдіруге мүмкіндік алмақ. 

Айта кетелік, коронавирус індетіне байланысты федерация барлық халықаралық жарыстар мен басқа да іс-шараларды тоқтатты. Спортшылар саммитінде спорттағы психология, жарыс қарсаңында бабыңа ену және таза спорт мәселелері қарастырылады. 

Хабар 24 телеарнасы