«Барыс» хоккей клубы канадалық шабыуылшы Корбэн Найттың командадан кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
«Құрлықтық хоккей лигасын Корбэн Найт енді басқа командада жалғастырады. Корбэннің осындай тамаша ойын көрсеткеніне рахмет айтып, әрі қарай қызметіне сәттілік тілейміз», - делінген мәлімдемеде.
Айта кетерлігі, аталған ойыншы «Барыс» сапында барлығы 65 ойын өткізген. Оның ішінде 20 шайбаны қақпаға дәл соғып, 22 нәтижелі пас берген.