430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде шахматтан онлайн турнир ұйымдастырылды

  • 563
Елімізде шахматтан онлайн турнир ұйымдастырылды

Оған 600-ден аса үміткер қатысып, өзара бақ сынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарысқа қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылмаған. Турнир швейцарлық жүйе бойынша және блиц форматта өтті. Әрбір жұпқа 5 минут қана уақыт беріледі. Осы аралықта жеңімпаз анықталуы тиіс. Жарыс ұйымдастырушысы Дастан Ілиястың айтуынша, мұндай бәсеке жастардың зияткерлік қабілетін дамытады. Бос жатудан жалыққандар осы ойынға қатысып, бір серпіліп қалды. Жеңімпазға ағылшын тілін тегін меңгеруге арналған сертификат табысталады.

Хабар 24 телеарнасы