405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ теннис қауымдастығы US Open турниріне қатысты мәлімдеме жасады

  • 203
  • UPD: 12:19, 04.05.2020
АҚШ теннис қауымдастығы US Open турниріне қатысты мәлімдеме жасады

АҚШ теннис қауымдастығы (USTA) US Open турнирінің өткізілуіне қатысты мәлімдеме жасады. 

«USTA-ның басты мақсаты 2020 жылғы US Open турнирін жоспарланған уақытында Нью-Йоркте, көрермендердің қатысуымен өткізу. Алайда COVID-19 індетінің кең белең алуына байланысты өзге де мүмкіндіктерді, соның ішінде жарысты көрерменсіз өткізуді қарастырып жатырмыз.  Турнирдің ауыстырылуына қатысты сыбыс та көп. Бірақ бұл біздің бастапқы міндетіміз емес екендігін айтқымыз келеді, десе де біз түрлі нұсқаларды қарастырып жатырмыз. Жарыс кезінде қатысушылардың денсаулығына нұқсан келтірмеу біздің басты міндетіміз саналады. Шешім 6-8 аптадан кейін маусым айының ортасында қабылданады», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы