429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бауыржан Исламхан енді БАӘ клубында ойнай алмайды

  • 400
  • UPD: 14:36, 04.05.2020
Бауыржан Исламхан енді БАӘ клубында ойнай алмайды Inform.kz

БАӘ кәсіпқой лигасы мен футбол қауымдастығы жергілікті чемпионатты жалғастыру бойынша мәлімдеме жасады.

«Әл-Айн» сапында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан бұл команда үшін енді ойнай алмайтын сияқты, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Жағдайды билік өкілдерімен сараптап, БАӘ кәсіпқой лигасы футбол қауымдастығымен бірге жарыстарды тамызда жалғастыру туралы шешім шығарды», – делінген лига сайтында.

Бауыржан Исламханның «Әл-Айн» клубымен келісімшарты 2020 жылы 30 маусымда аяқталады, енді ол келісім ұзартылса ғана БАӘ чемпионатының аяғына дейін ойнай алады.

27 жастағы қазақстандық футболшы «Әл-Айн» сапына 31 қаңтарда өткен. Исламхан арабиялық клуб үшін ойнаған он матчта бір гол салып, үш нәтижелі пас берді. 

Хабар 24 телеарнасы