433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Онлайн шахмат ойынында Қазақстан Сингапурді жеңді

  • 439
  • UPD: 16:49, 04.05.2020
Онлайн шахмат ойынында Қазақстан Сингапурді жеңді

Қазақстан мен Сингапурдың жас шахматшылары онлайн матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойынға екі тараптан 20 шахматшы (12, 14, 16, 18 және 20 жасқа дейін) қатысты.

Қазақстан ұлдар командасы сингапурлік құрдастарын 5,5:4,5 есебімен жеңді.

Ал қазақстандық қыздардың жеңісі сенімдірек болды – 8.5:1.5. Матчтың жалпы есебі 14:6. Жеңіс Қазақстан құрамасының үлесінде.

Хабар 24 телеарнасы