420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Су спортынан әлем чемпионаты 2022 жылға ауыстырылды

  • 308
  • UPD: 18:02, 04.05.2020
Су спортынан әлем чемпионаты 2022 жылға ауыстырылды

Су спортынан әлем чемпионаты 2022 жылы өтеді.

Бұл туралы Халықаралық жүзу федерациясының сайтында хабарланды.

Мұндай шешім Токио Олимпиадасының коронавирустық пандемияға орай 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығына ауыстырылуына байланысты қабылданды. Чемпионат 2021 жылдың 16 шілдесі мен 1 тамызы аралығында өтуі керек еді, дегенмен екі іс-шараны бірдей уақытқа қою мүмкін болмады.

Осылайша, су спортынан әлем чемпионаты 2022 жылдың 13-29 мамыр аралығында Жапонияның Фукуока қаласында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы