412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бокстан 2021 жылғы әлем чемпионаты Белградта өтетін болды

  • 149
  • UPD: 14:21, 05.05.2020
Бокстан 2021 жылғы әлем чемпионаты Белградта өтетін болды

Бокстан 2021 жылғы әлем чемпионаты Сербия астанасы Белградта өтетін болды деп хабарлайды Olympic.kz.

Жоспар бойынша әлемдік дода Үндістанның Нью-Дели қаласында өтуі тиіс еді. Алайда Нью-Дели өз міндеттемелерін толық орындамаған соң АИБА Үндістан бокс федерациясымен келісімшартты бұзды.

«Ең алдымен ірі спорттық доданың өтетіні туралы қуанышпен хабарлаймын. Белград әлем чемпионатын жоғары деңгейде өткізетініне сенімдімін. Өйткені Сербияда ірі спорттық жарыс ұйымдастыратын үлкен мүмкіндік бар», - дейді АИБА уақытша президенті Мохаммед Мустахсане.

Айта кетелік, Белград бокстан әлем чемпионатын араға 43 жыл салып қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы