410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Австралиядағы UFC турнирі өтпейді

  • 257
Қазақстан мен Австралиядағы UFC турнирі өтпейді prosports.kz

UFC тұжырымының баспасөз қызметі Австралиядағы турнирдің өткізілмейтіні туралы ресми түрде хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz Sport24 сайтына сілтеме жасап.

UFC 251 Австралияның Перт қаласында 7 маусымда өтуі керек еді, бірақ коронавирустық пандемияға байланысты турнир кейінге шегерілді.

Сондай-ақ Mmafighting.com сайтының хабарлауынша, Нұр-Сұлтандағы UFC Fight Night 176 турнирі де өтпейтін болды. 13 маусым күні өтетін бұл турнирдің уақыты өзгеріп, АҚШ-та өтуі мүмкін. Бұл ақпаратты жарыстың басты жекпе-жегінде өнер көрсететін ресейлік Петр Ян да растады. Ол бір сұхбатында АҚШ-қа ұшуға дайындалып жатқанын айтты.

Еске сала кетейік, UFC Fight Night 176 турнирінің басты жекпе-жегінде Питер Ян мен Марлон Мораес кездесуі керек еді.

Хабар 24 телеарнасы