432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Халықаралық велосипедшілер одағы 2020 жылғы күнтізбесін жаңартты

  • 310
  • UPD: 18:54, 06.05.2020
Халықаралық велосипедшілер одағы 2020 жылғы күнтізбесін жаңартты

Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылғы спорт күнтізбесіне өзгерістер енгізеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Биыл індетке байланысты UCI WorldTour мен UCI Women's WorldTour жарыс кестесінде көп өзгеріс болған. Әлемде болып жатқан жағдайды ескере отырып UCI 15 сәуір күні 1 тамызға дейінгі барлық жарысты тоқтатуды құп көрген.

Халықаралық федерация ұсынған жарыс кестесі төмендегідей болмақ:

1 тамыз — «Страде Бьянке»,

5-9 тамыз — «Польша туры»,

8 тамыз— «Милан — Сан-Ремо»,

12-16 тамыз— «Критериум Дофине»,

16 тамыз — Prudential RideLondon-Surrey Classic,

25 тамыз — «Бретань Классик»,

29 тамыз — 20 қыркүйек — «Тур де Франс»,

20-27 қыркүйек — шосседегі велоспорттан әлем чемпионаты,

7-14 қыркүйек — «Тиррено — Адриатико»,

11 қыркүйек— «Квебек гран при»,

13 қыркүйек — «Монреаль гран при»,

29 қыркүйек — «Бинк Банк Тур»,

30 қыркүйек — «Флеш Валлонь»,

3-25 қазан — «Джиро д’Италия»,

4 қазан — «Льеж — Бастонь — Льеж»,

10 қазан— Amstel Gold Race,

11 қазан — «Гент — Вевельгем»,

14 қазан — «Дварс дор Фландерен»,

15-20 қазан — «Тур Гуанси»,

18 қазан — «Тур Фландрии»,

20 қазан — 8 қараша — «Вуэльта Испания»,

21 қазан — «Де-Панне үшкүндігі»,

25 қазан — «Париж — Рубе»,

31 қазан — «Джиро ди Ломбардия».

Хабар 24 телеарнасы