423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Халықаралық велосипедшілер одағы биылға 23 әлемдік турнирді жоспарлады

  • 344
  • UPD: 10:48, 08.05.2020
Халықаралық велосипедшілер одағы биылға 23 әлемдік турнирді жоспарлады

Халықаралық велосипедшілер одағы 2020 жылғы маусымның жаңа кестесін жариялады.

Жаңартылған кесте бойынша жарыстар 1 тамыз бен 31 қазан аралығында өтеді деп хабарлайды Olympic.kz. 

UCI үш ай ішінде жалпы есебі 23 турнир өткізбекші. Олардың қатарында үш Гранд-тур бәсекелері де бар.

Атап айтар болсақ, 29 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында әйгілі «Тур де Франс» додасы өтеді. 3-25 қазан аралығына «Джиро д'Италия» велокөпкүндігі жоспарланған. «Вуэльта» көпкүндігі 19 қазан мен 8 қараша аралығында ұйымдастырылады.  Сондай-ақ қысқартылған маусымда өтетін жарыстар қатарында «Тиррено-Адриатико», «Льеж-Бастон-Льеж» турнирлері бар.

Хабар 24 телеарнасы