412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


UFC 249: Фергюсон мен Гэтжи салмақ өлшеді

  • 214
  • UPD: 22:18, 08.05.2020
UFC 249: Фергюсон мен Гэтжи салмақ өлшеді Prosports.kz

UFC 249 аясындағы Тони Фергюсон мен Джастин Гэтжи кездесуінің алдында салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екі файтердің салмағы бірдей – 155 фунт (шамамен, 70,3 кг).

Бұл туралы журналист Ариэль Хельвани хабарлады.

Еске салайық, турнир 10 мамырға қараған түні болады. Басында ол 18 сәуірде өтуі керек болған, алайда коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілген.

Фергюсон ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен кездесуі керек еді. Алайда ресейлік файтер елден шыға алмады.

Хабар 24 телеарнасы