420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Олимпиадаға қатысатын спортшылардың стипендиясы сақталады

  • 404
  • UPD: 11:47, 12.05.2020
Олимпиадаға қатысатын спортшылардың стипендиясы сақталады

Токиода өтетін Олимпида ойындарына қатысатын спортшылардың стипендиясы келесі жылға дейін сақталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаржылай қолдауды еліміздің 24 спортшысы алады. Төрт жылдықтың басты додасына қатысуы мүмкін азаматтар екі жыл бұрын іріктеліп, олардың жарысқа алаңсыз дайындалуы үшін стипендия тағайындалған еді. Токиодағы жазғы Олимпиаданың уақыты келер жылға шегерілгендіктен, стипендия да бір жыл бойы берілетін болды.

Жігер Әзберген, ҚР ҰОК ресми өкілі:

- Олимпиадаға дейін жүргізілген бағдарламалар да ары қарай жалғасын таппақ. Яғни, «Олимпиадалық ынтымақтастық» бағдарламасы бойынша Олимпиадаға қатысуы мүмкін спортшыларға екі жыл бойы арнайы шәкіртақы, яғни, стипендия беріліп келген. Енді Олимпиада бір жылға ұзарғаннан кейін бұл степендия да бір жыл бойы осы спортшыларға берілмек. Бұл толықтай ХОК тарапынан жүргізілетін қаржыландыру.

Хабар 24 телеарнасы