411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ла Лига маусымда қайта жалғасуы мүмкін

  • 94
  • UPD: 12:58, 12.05.2020
Ла Лига маусымда қайта жалғасуы мүмкін

Коронавирус індеті кезінде 3 айға тоқтап қалған Испан премерасы 12 маусымда қайта жалғасуы мүмкін.

Бұл туралы Ла Лига президенті Хавьер Тебас мәлімдеді. Оның айтуынша, егер чемпионат аталған күннен қайта жалғасатын болса, біріншілік 35 күн ішінде толық аяқталады. Ол үшін матчтар күн сайын ұйымдастырылады екен. Алайда, бәрі  көрерменсіз өтетін көрінеді.

Айта кетейік, қазір командалар біртіндеп жаттығу жұмыстарына кірісе бастаған.

Хавьер тебас, Ла Лига президенті:

- Примераның 12 маусымда қайта жалғасқанын қалар едім. Бірақ ол бірнеше факторға байланысты. Ең бастысы вирустың таралу қарқыны бәсеңдеуі керек. Сондықтан бәріміз сақ болып, қауіпсіздік шараларын сақтауымыз қажет.

Хабар 24 телеарнасы