422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Исламхан БАӘ чемпионатындағы қымбат футболшылар қатарына кірді

  • 345
  • UPD: 11:48, 13.05.2020
Исламхан БАӘ чемпионатындағы қымбат футболшылар қатарына кірді

Біріккен Араб Әмірліктері чемпионатындағы ең қымбат 25 ойыншының тізімі жарияланды.

Тізімде қазақстандық жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан да бар, деп хабарлады Prosports.kz Alkhaleejtoday.co сайтына сілтеме жасап.

Бұл тізімде «Әл-Айн» ойыншысы Исламхан 9-орынды командаласы Коджо Лаба және «Шаржа» жартылай қорғаушысы Лукас Кайомен бөлісіп тұр. Аталған ойыншылардың трансферлік құны 2,4 миллион еуроны құрайды.

БАӘ чемпионатындағы ең қымбат футболшылар рейтингінің көшін «Шаржаның» бразилиялық ойыншысы Игор Коронадо (4,8 миллион евро) бастап тұр.

Еске сала кетелік, Исламхан «Әл-Айн» командасына осы жылдың 31 қаңтарында ауысты. Оның келісімшарты 2020 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Жаңа командасының сапында 10 матч өткізген қазақстандық жартылай қорғаушы 1 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. Команда 19 матчтан кейін чемпионаттың екінші орнында тұр.

Хабар 24 телеарнасы