420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нурмагомедов Гэтжимен жазда жекпе-жек өткізуден бас тартты

  • 301
  • UPD: 17:54, 13.05.2020
Нурмагомедов Гэтжимен жазда жекпе-жек өткізуден бас тартты

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Джастин Гэтджимен жекпе-жекке шығуға қыркүйек айында дайын болатынын айтты.

Бұл туралы промоушен президенті Дана Уайт хабарлады. Ол жекпе-жекті алдағы жазда өткізуді жоспарлап жүрген.

Уайттың айтуынша, ресейлік спортшы тек қыркүйекте шаршы алаңға шыға алатынын айтқан.

«Қыркүйек айында әлемдегі жағдай қандай болатынын білмеймін. Бірақ менің ойымша, жекпе-жек аралда өтеді және ол қайда екенін әзірге айтпаймын», - деді Уайт.

Хабар 24 телеарнасы