423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусь чемпионатының төрт футболшысы коронавирус жұқтырды

  • 289
  • UPD: 11:08, 15.05.2020
Беларусь чемпионатының төрт футболшысы коронавирус жұқтырды

Беларусь чемпионатында төрт ойыншыға коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды, деп хабарлайды Metaratings сайтына сілтеме жасаған Prosports.kz.

Басылымның хабарлауынша, «Ислочи» ойыншыларына қатысты екі оқиға анықталған. Осыған байланысты команда 10 күндік карантинге көшті. «Энергетика-БМУ» командасының екі ойыншысы да инфекция жұқтырған.

Еске сала кетелік, Беларусь чемпионаты - коронавирус пандемиясына қарамастан матчтары жалғасып жатқан Еуропадағы жалғыз турнир.

Хабар 24 телеарнасы