432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Желкенді спорттан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтпейтін болды

  • 297
  • UPD: 15:41, 15.05.2020
Желкенді спорттан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтпейтін болды

Халықаралық желкенді спорт федерациясы 2020 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының өткізілмейтінін хабарлады.

Дүниежүзілік біріншілік жоспар бойынша Бразилияның Салвадорында 12-19 желтоқсан күндері өтуі тиіс еді.

Халықаралық желкенді спорт федерациясы мен Бразилия желкенді спорт конфедерациясы коронавирус падемиясына байланысты әлем біріншілігін өткізбеу туралы шешім қабылдаған. 1971 жылы Швециядан бастау алған дода биыл жастар арасында 50-ші рет ұйымдастырылатын еді. Өкінішке орай, желкенді спорттан бірінші рет жастар арасындағы маңызды дода өтпейтін болды. 

Хабар 24 телеарнасы