431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабибті жеңіп, Конормен төбелесемін». Гэтжи алдағы жоспары туралы айтты

  • 354
«Хабибті жеңіп, Конормен төбелесемін». Гэтжи алдағы жоспары туралы айтты www.ufc.com

Америкалық файтер Джастин Гэтжи UFC ұйымының жеңіл салмақтағы чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен жекпе-жекке шындап шыққысы келетінін, сонымен қатар дағыстандық қарсыласын жеңсе, кіммен жұдырықтасатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Thescore.com сайтына сілтеме жасап.

«Мен қалаған айқас осы еді. Бұл мен өз күшіммен жеңіп алған және маған лайық кездесу болмақ. Мен Хабибті жеңіп, Конормен де төбелесемін, өйткені мен көп ақша табуға тырысамын», - деді Гэтжи.

Бұған дейін UFC президенті Дана Уайт ресейлік жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен америкалық уақытша чемпион Джастин Гэтжи арасындағы жекпе-жек биылғы жылдың қыркүйегінде болады деп айтқан.

Еске салайық, 9 мамырда Джастин Гэтжи UFC 249 турнирінің басты жекпе-жегінде фаворит саналмаса да, Тони Фергюсонды жеңіп, жеңіл салмақтағы UFC уақытша чемпионының белбеуін жеңіп алды.

Хабар 24 телеарнасы