429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хабиб әр жекпе-жектен кейін мансабын аяқтағысы келеді – спортшының менеджері

  • 328
Хабиб әр жекпе-жектен кейін мансабын аяқтағысы келеді – спортшының менеджері

Ресейлік UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың менеджері Али Абдель-Азиз спортшының сырымен бөлісті, деп жазады Prosports.kz.

«Әр жекпе-жектен кейін Хабиб маған мансабын аяқтайтынын айтады. Екі аптадан кейін ол маған қоңырау шалып, келесі шайқаста кіммен кездесуі керектігін сұрайды», - деп келтіреді Абдель-Азиз.

Еске салайық, Хабиб Нурмагомедов келесі кездесуді 2020 жылдың күзінде өткізеді деп күтілуде. Жеңіл салмақтағы уақытша чемпион Джастин Гэтжи оның қарсыласы болады. Гэтжи 9 мамыр күні UFC 249-да Тони Фергюсонды жеңді.

Бастапқыда бұл турнирде Нурмагомедов пен Фергюсон арасында жекпе-жек өткізу жоспарланған болатын, алайда жекпе-жек коронавирус пандемиясына байланысты кейінгі қалдырылды. 

Хабар 24 телеарнасы