428,05 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Спорттық акробатикадан әлем чемпионатының қашан өтетіні белгілі болды

  • 390
  • UPD: 16:24, 18.05.2020
Спорттық акробатикадан әлем чемпионатының қашан өтетіні белгілі болды

Халықаралық гимнастика федерациясы спорттық акробатикадан әлем чемпионатының өтетін уақытын белгіледі, деп хабарлады Olympic.kz.

Аталған дүниежүзілік біріншілік 2021 жылдың 18-20 маусым күндері Женевада (Швейцария) өтеді деп жоспарлануда. Жылдың маңызды додасы биыл 20-31 мамыр аралығында өтуі тиіс болатын. Алайда Швейцарияда бұқаралық шараларды өткізу мүмкін болмағандықтан жарыс кейінге шегерілді.

Сондай-ақ 2022 жылы Әзірбайжан астанасы Бакуде, 2024 жылы Израильдегі Холонда әлемдік бірішілік өтуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы