411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин британиялық боксшымен қашан кездеседі

  • 103
  • UPD: 17:32, 18.05.2020
Головкин британиялық боксшымен қашан кездеседі prosports.kz

Boxingnews24.com журналисі Шон Джонс орта салмақта WBA тұжырымы бойынша «уақытша» чемпион кіші-Крис Юбэнк пен Геннадий Головкиннің қашан кездесуі мүмкін екенін айтты, деп жазады Prosports.kz.

Сарапшының пікірінше, бұл жекпе-жек биыл емес, 2021 жылы өтуі мүмкін.

- Юбэнк Головкинмен жекпе-жек өткізуі мүмкін, бірақ бұл кездесу 2020 жылы өтпейді. Биыл Головикн IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғауы керек. Егер Головикн «Канеломен» үшінші жекпе-жекті өткізгісі келсе, алдымен міндетті қарсыласы Камил Шереметаның шаруасын шешуі керек. Ал Юбэнкпен жекпе-жек өтуі мүмкін ең ыңғайлы уақыт 2021 жыл. Оның өзінде бұл кездесу Головкин ниет білдірсе ғана өтеді, – деп жазды автор.

Айта кетейік, бұған дейін британиялық боксшы Крис Юбэнк GGG-мен кездескісі келетінін мәлімдеген болатын.

Ал промоутер Эдди Херн Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші жекпе-жектің тамыз айында өтуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы