411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АПЛ: алты футболшы вирус жұқтырған

  • 84
  • UPD: 14:56, 20.05.2020
АПЛ: алты футболшы вирус жұқтырған

Англия чемпионатында өнер көрсететін 6 футболшыдан коронавирус табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ағылшын премьер-лигасы өкілдері хабарлады. Қатерлі вирус ойыншыларды ауру белгілеріне тексеру кезінде анықталған. Әзірге «Ковид-19-ды» нақты қай футболшының жұқтырғаны жасырын қалып отыр. Белгілісі, инфекцияға шалдыққан футболшылар мен клуб қызметкерлері енді 7 күндік карантинге жіберілмек. Айта кетейік, Англия біріншілігі коронавирус кесірінен наурыздың ортасында тоқтатылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы