411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай 2020 жылғы Азия жағажай ойындарын қабылдауға дайын

  • 90
  • UPD: 17:56, 20.05.2020
Қытай 2020 жылғы Азия жағажай ойындарын қабылдауға дайын

Халықаралық спорт жарыстарының барлығы тоқтатылып немесе 2021 жылға ауыстырылғанына қарамастан, Қытай жыл соңына жоспарланған Азия жағажай ойындарын өткізуге белсенді түрде дайындалып жатыр, деп жазды Prosports.kz.

Дүбірлі дода Хайнань аралындағы Санья қаласында өтеді деп жоспарланған. Қазіргі уақытта ұйымдастырушылар белгілерді стандарттау және оларды шет тілдеріне аудару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазір карантин шаралары жойылған жоқ, сондай-ақ шекарлар ашылмағандықтан, Қытайға қанша мемлекеттен қанша спортшының келе алатыны әзірге белгісіз. Бірақ қарашаға қарай жағдай тұрақтануы мүмкін деген болжам бар.

Ойындар 2020 жылдың 28 қарашасы мен 6 желтоқсаны аралығында 16 спорт түрі бойынша өтеді. Оның ішінде жүзу, су полосы, жағажай жеңіл атлетикасы, баскетбол, волейбол, гандбол, футбол, күрес, есу, желкенді спорт, серфинг және басқалары бар.

Еске сала кетейік, бірінші Азия жағажай ойындары 2008 жылы Балиде өтті. Содан бері екі жылда бір рет өткізіліп келеді. Бұл турнирді Қытай алғаш рет қабылдағалы отырған жоқ, 2012 жылғы жағажай ойындары да осы елде өткен болатын. Әр жылдары Азия жағажай ойындары Индонезияда (2008 ж.), Оманда (2010 ж.), Таиландта (2014 ж.) және Вьетнамда (2016 ж.) өтті.

Хабар 24 телеарнасы