420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көркем гимнастикадан әлем кубогінің төртінші кезеңі өтпейтін болды

  • 338
  • UPD: 12:28, 21.05.2020
Көркем гимнастикадан әлем кубогінің төртінші кезеңі өтпейтін болды

Көркем гимнастикадан Испанияның Марбелье қаласындағы әлем кубогінің төртінші кезеңі түбегейлі өтпейтін болды.

Наурыз айына жоспарланған жарыс бірнеше рет ауыстырылған еді. Ұйымдастырушылар турнирді жарыс кестесінен алып тастады деп жазады Olympic.kz.

Айта кетелік, бұған дейін көркем гимнастикадан әлем кубогінің бесінші кубогі де кейінге шегерілген. Ал 21-23 наурызға жоспарланған Киевтегі әлем кубогі кезеңі әлі де жарыс кестесінде тұр. Ұйымдастырушылар турнирді белгісіз уақытқа шегерді.

Бүгінге дейін көркем гимнастикадан Ресей, Эстония және Чехиядағы үш кезең өткізілді.

Хабар 24 телеарнасы