411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биылғы ТОП-5 жекпе-жек: тізімде GGG – «Канело» трилогиясы да бар

  • 111
  • UPD: 17:58, 21.05.2020
Биылғы ТОП-5 жекпе-жек: тізімде GGG – «Канело» трилогиясы да бар

Испаниялық Marca басылымы жанкүйерлер 2020 жылы көргісі келетін ең үздік жекпе-жектердің тізімін жариялады, деп жазды Prosports.kz.

Басылым көпшілік күткен кездесулерді анықтау үшін өз оқырмандарының арасында сауалнама жүргізді.

Тізімде қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында өтуі мүмкін үшінші жекпе-жек те бар. Отандасымыздың қатысуымен өтетін трилогия аталған тізімде төртінші орында тұр.

Ал осы жылдың үздік жекпе-жегі болуға Майк Тайсон мен Эвандер Холифилд кездесуі басты үміткер. Сауалнамаға қатысушылардың 52 пайызы осы кездесуге дауыс берді. Екінші орында Тайсон Фьюри – Энтони Джошуа жекпе-жегі орналасқан (14%). Сонымен қатар Майк Тайсонның кәсіпқой рингке оралуын күтіп жүрген жанкүйерлер де аз емес екен (11%). 

Тізімде төртінші орын алған Головкин – Альварес жекпе-жегі 8% дауыс жинады. Үздік бестікті Конор Макгрегор мен Флойд Мейвезердің реваншы түйіндеп тұр (7%).

Хабар 24 телеарнасы