411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Токио Олимпиадасы 2021 жылы да өтпеуі мүмкін

  • 128
Токио Олимпиадасы 2021 жылы да өтпеуі мүмкін

Келесі жылға дейін коронавирус пандемиясы бақылауға алынбаса, Токио Олимпиадасы 2021 жылы да өтпеуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах мәлімдеді. Естеріңізде болса, бұған дейін Халықаралық Олимпиада Комитеті мен жапон үкіметі 2020 жылға белгіленген Жазғы ойындарды коронавирусқа байланысты бір жылға кейін шегерген еді. Жалпы, төртжылдықтың бас додасы тарихта бірінші рет кейінге қалып отырған жоқ. Мұндай жағдай Олимпиада ойындарының тарихында 5 рет болды.

Хабар 24 телеарнасы